Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51

6 желтоқсан. Туған күн иелері

2018 жылғы 6 желтоқсан 08:08
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 6 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


6 желтоқсан. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

79 жыл бұрын (1939-2015) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш КЕКІЛБАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар реферантурасының басшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12- және 13-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 1-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-шақырылымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі. 2007-2010 жылдары - ҚР Парламенті Сенатының депутаты - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.

51 жыл бұрын (1967) «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші опера солисі Гүлзат Бейсенқызы ДӘУІРБАЕВА дүниеге келді.

Бернд Вайкель атындағы халықаралық әншілер байқауының (2002 жылы) және Астана қаласынды өткен Күләш Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының (2002 жылы) лауреаты. 1985 жылы Алматыдағы Опера және балет театры жанындағы вокалдық хор студиясына оқуға түскен. 1985 - 1993 жылдары осы театрда хор әртісі болды. 1993 - 2000 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияның ән факультетін бітірді. 2001 жылдан Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі.

Қазіргі қызметін 2013 жылдан бері атқарып келеді.

Вердидің «Реквиемінен» сопрано партиясын, «Тоскасындағы» Тоска, «Богемада» Мими, Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында Татьяна, «Қарғаның мәткесінде» Лиза, «Иолантада» басты партия, Төлебаевтың «Біржан - Сарасында» Сара, Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» Ақжүніс, Ғ.Жұбанованың «Құрманғазы» операсында Әуес, Б.Жұманиязовтың «Махамбетінде» Зылиха партияларын орындап жүр. Гастрольдік сапармен Италия, Венгрия, Ресей қалаларында өнер көрсетті. Мәскеудің Үлкен театрының шақыруымен «Евгений Онегин» операсындағы Татьяна партиясын орындады (2003 жылы).

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған. Ш.Қалдаяқов халықаралық конкурсының, Б.Вайкль атындағы халықаралық әншілер конкурсының, К.Байсейітова атындағы әншілердің республикалық конкурсының лауреаты.


48 жыл
 бұрын (1970) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Данияр Сүйіншілікұлы ТИЕСОВ дүниеге келді.

Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. Атырау мұнай және газ институты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

1994-1996 жылдары - «Манас» кіші кәсіпорнының менеджері. 1996-1998 жылдары - «Бата» ЖШС-нің менеджері. В 1998-1999 жылдары - «Абыз» ЖШС-нің атқарушы директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ  вице-президентінің бірінші көмекшісі, Директорлар кеңесінің хатшысы. 1999-2002 жылдары - «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы» Атырау мұнай өңдеу зауыты Басқару департаментінің сектор меңгерушісі, бас маманы, бас менеджері, бас менеджерінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - «ҚазМұнайГаз»ҰК» ЖАҚ Мұнай-химия дамыту департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС салынып жатқан кәсіпорын дирекциясының қаржылық директоры, директоры. 2004-2006 жылдары - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 2006-2009 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ бас директорының орынбасары. 2012-2013 жылдары - «ҚазМұнаГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы бойынша орынбасары. 2013-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» маркетингі және өңдеу» АҚ бас директоры. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға вице-президенті (2016-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

 

 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT