6 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Rixos Astana қонақ үйінде «Investment Aktobe - 2022» VII халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форумға ҚР Үкіметінің, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының басшылары, трансұлттық компаниялардың басшылары, ірі шетелдік және отандық инвесторлар, шет мемлекеттер өңірлерінің басшылары мен сарапшылар қатысады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысы және балық саласын дамыту мәселелері қаралады.

10.00-де Astana Hub ғимаратында «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» атты I республикалық психологиялық форум-семинары өтеді.

11.00-де Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың қатысуымен ҚХА республикалық Медиация Кеңесінің отырысы өтеді.

12.00-де Астанада Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда WorldSkills Kazakhstan 2022 VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталады.

13.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтеді.

16.00-де «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар