Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51

6 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2018 жылғы 6 желтоқсан 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 6 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.


6 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі
6 желтоқсан. БЕЙСЕНБІ

Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының құрылған күні

1991 жылы 6 желтоқсанда «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың еркіндігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданған. Осыған орай күнтізбеде жаңа мереке пайда болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1944 жылы Алматыда Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты қызметін бастады. Институт - тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ететін Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен ғылыми-өндірістік орталықтардың бірі.

1971 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Алматы қаласында құрылды.

2005 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясына келіп, ақпарат агенттігінің 85 жылдық мерейтойына орай қызметкерлер мен ардагерлерді құттықтады. Президент «ҚазТАГ-қа - 85 жыл: тарих шежіресі» фотокөрмесін тамашалап, ақпарат агенттігінің шығармашылық жұмысымен және техникалық қызметімен танысты.

2010 жылы Астанада «Күтпеген махаббат» лирикалық комедиясының премьерасы болды. Премьераны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және басты рөлді сомдаған француз киноактері Жерар Депардье тамашалады.

2011 жылы Бельгияның Монс қаласында Қазақстан Солтүстік Атлант альянсы мемлекеттерінің арасында өткізілетін турнир тарихында алғаш рет НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қатысушы ел ретінде жарыстарға қатысты. ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының баскетбол командасы «SHAPE» халықаралық баскетбол турнирінде екінші орынды иеленді. Қазақстан Ұлыбритания, Литва, Польша, Канада командаларын талқандап, финалда Латвия командасына 53:61 есебімен есе жіберді.

2012 жылы Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев С.Н.Рерих медалімен және «Әлем Туы» естелік белгісімен марапатталды. Марапаттар Женевада Рерихтер мұрасын сақтау бойынша комитеті және Мәскеудегі Рерихтер Халықаралық орталығы делегациясының сапары барысында табысталды.

2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Олланд Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында құрылған «Сорбонна-Қазақстан» институтының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. «Сорбонна - Қазақстан» институты «Париж қаласының Сорбоннасы» (PRES Sorbonne Paris Cité) Жоғары білім ғылыми орталығының әлемдегі екінші және Орталық Азиядағы бірден-бір филиалы болып отыр. Ондағы білім беру үдерісі Болон конвенциясына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан мен Францияның профессорлары сабақ береді.

2014 жылы Халықаралық банкнота қоғамдастығы (International Bank Note Society, IBNS) номиналы 1000 теңгелік «Күлтегін» естелік банкнотасын үздік банкнота деп таныды.

«Күлтегінге» АҚШ-тың 100 доллары, 5 еуро, 10 Канада доллары, 100 рубль, 5 Бразилия реалы, 5 Ливия динары, сондай-ақ Исландия, Ливан, Соломон аралдары, Барбадос, Фиджи валюталары қарсылас болған еді.

2016 жылы Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын» тұрғырға орнату және электронды нұсқасын таныстыру салтанаты болды. Осы күннен бастап Даңқ Кітабы Ұлттық музейдің Тәуелсіздік залының мемлекеттік наградалар витринасының экспонаты ретінде музейге келушілердің назарына ұсынылды.

2016 жылы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында «Әміре» драмасының премьерасы өтті. 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақтың тағдырына арналған туындыда тобыр мен тұлғаның, өмір мен өнердің, аманат пен қиянат ұғымдарының қақтығысы көрініс алады. Кейіс дүниеден береке таппаған Әміренің - Ән-Әміреге айналып, өнер көгінен үн қатқаны баяндалады.

2017 жылы Женева қаласындағы БҰҰ Ұлттар Сарайында  ҚР Тәуелсіздік күніне және еліміздің БҰҰ-ға мүшелігінің 25 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар аясында «Қазақстан - Ұлы дала елі» тақырыбындағы фотокөрме ашылды. Көрме қонақтарына еліміздің ірі қалаларының тартымды тұстары, мәдени және тарихи ескерткіштері, бірегей және сирек кездесетін табиғатымыздың, сондай-ақ салт-дәстүрлеріміз бейнеленген 60-қа жуық фотосурет ұсынылды.

2017 жылы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бизнес жүргізудің жеңілдігі жөніндегі субұлттық рейтингтің жеңімпазы атанды. Бұл сыйлық алғаш рет табысталды. Рейтингте Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің, Астана және Алматы қаласының әкімдері қатысты.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT