+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

6 жасар Шерхан 200 мемлекеттің астанасы мен халқының санын жатқа біледі

2020 жылғы 16 ақпан 15:31
Бөлісіңіз:
6 жасар Шерхан 200 мемлекеттің астанасы мен халқының санын жатқа біледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы №226 орта мектептің бірінші сынып оқушысы Шерхан Жақсыберген ерекше қабілетімен елді таңғалдыруда. Жас өрен әлемдегі 200 мемлекеттің астанасын, халқының саны мен жер көлемін жатқа айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Небәрі 6 жастағы Шерханның географияға қызығушылығы жоғары. Сондықтан сабақтан бос уақытын глобус пен карта алдында өткізеді. Ол мектеп табылдырығын былтыр ғана аттаған. Ерекше қабілеті 5 жасында байқала бастаған. Ол планшет пен смартфоннан көптеген мемлекеттердің туы мен анықтамасын мұқия қарап, жаттап отырған. Оның мұндай қабілеті мектепке келгеннен кейін ұстаздарын тәнті етті. Алғашқы сыныпта оқитынына қарамастан, ол географиялық білімі жөнінен жоғары сыныпта оқитын балалармен бәсекеге түсе алады.

«Бес жасында ол глобус пен карта сатып алып беруге өтініш жасады. Біз оның қабілетін сонда байқадық. Сол кездің өзінде жүзге тарта мемлекеттің астанасын жатқа біледі екен», - дейді анасы Алтын Орынәлиева.

Ұстаздар балақайдың білімін тексеріп көрген. Атап айтқанда, интерактивті тақтаға аттары жазылмаған көптеген мемлекеттің туларын орналастырған. Кішкентай Шерхан болса, еш мүдірместен олардың барлығын дұрыс тауып шыққан.

«Болашақта географ болғым келеді. Картада көрсетілген мемлекеттердің барлығын аралап көрсем деген арманым бар», - дейді Шерхан.

Жас дарын аталмыш пәннен байқауларға қатысқысы келеді. Себебі, білім бәсекелерінде топ жарарына сенімді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT