6 жасар қазақстандық Дубайда менталды арифметикадан өткен турнирді жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайлық Рамзан Байдәулетов Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыстың әділқазылар алқасын таңдай қақтырды.

Жеңімпаздың анасы Айгүл Аюпованың айтуынша, оның баласы өзінің дәрежесінде бірінші болды. 8 минуттің ішінде ол 175 мысалды шешті, деп жазады Алау.

«Онда екіқатарлы және бірнеше қатар мысалдар болған. Балам шешті. Ол цифрларды әп-сәтте орын-орынымен орналастырады. Өткен жылы біз менталды арифметика академиясына барғанбыз. Бүгін міне, нәтижесін көріп отырмыз»,-дейді жас ақыл-ой иесінің анасы.

Рамзан мектепке дейінгі дайындық сабағына барады. Ол Қостанайдағы жедел оқу мектебін сәтті аяқтады. Ол сонымен қатар шахматпен де белсенді айналысады. Осы уақытта еңбекқор баланың 3 дәрежесі бар.

Дарынды жастың анасы баласының өте керемет есте сақтау қабілеті барын айтады. Енді 6 жасар чемпионға Индонезияда өтетін жарыстарға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Ол Бали аралына 2017 жылдың желтоқсан айында барады. Рамзанның ең үлкен армандарының бірі - Елбасының шыршасына қатысу.

Соңғы жаңалықтар