6 жасар баласына Gelandewagen тізгінін берген алматылық жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 6 жасар баласына Merсedes Gelandewagen тізгінін берген ер адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құқықбұзушылық әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Көп ұзамай бұл видео танымал аккаунттарда таралып кетті.

Видеода 6 жасар ұл бала Merсedes Gelandewagen рөліне жайғасып көлікті жүргізіп кеткен.

«Бала көлікті оқыту полигонында айдаған болуы мүмкін. Бірақ, солай болған күннің өзінде бұл бала үшін өте қауіпті. Әкесі оны түсінуі керек болатын. Сондықтан әкесіне қатысты ҚР ӘқбК 612-бабының 5-бөлімімен (жүргізуге құқығы жоқ тұлғаға көлік рөлін беру) әкімшілік іс қозғалды», - деді қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі мақсатында жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.


Соңғы жаңалықтар