6 жасар баланы судан құтқарған әскери қызметші марапатталды

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында суға батқан 6 жасар баланы құтқарған 3477 әскери бөлімнің ефрейторы Тілек Құмарбеков марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан 6 жасар баланы құтқарып қалған Ұлттық ұланның әскери қызметкеріне құрмет көрсетілді. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары-ҰҰ Бас қолбасшысы атынан «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілері берілді.

«Бұл оқиға 16 шілде күні болған. Су ағынын еңсере алмай тұншығып жатқан баланы байқаған ефрейтор Тілек Құмарбеков дереу суға секірген. Оның қолынан ұстап, жағаға шығарғаны сол еді, кенет өзі су жұтып, тұншыға бастайды. Баланы құтқарып үлгергенімен, өзі өзенге батып бара жатты. Мұны көрген жағадағылар лезде көмекке келіп, Тілекті судан шығарып алды. Суда біраз қалып қойған әскери қызметші есінен танып қалған. А уруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде оған реанимациялық шаралар жасалып, ол есін жиды», - дейді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Өскемендегі 3477 әскери бөлімде бейбіт күннің батырына арналған салтанатты шара өтті. Шараға бөлім басшылығымен қатар Тілектің ата-анасы да қатысты.



Соңғы жаңалықтар