+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

6 тамыз: Туған күн иелері

2020 жылғы 6 тамыз 08:10
Бөлісіңіз:
6 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 6 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
14 қыркүйек. Туған күн иелері 14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 13 қыркүйек. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1948-2017) кинотанушы, кино тарихшысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Рамазанұлы НӨГЕРБЕК дүниеге келді.

Ұлытау өңірінде туған, Мәскеуде, ВГИК-тің сценарлық-кинотанушылық факультетінің кинотану бөлімін тәмәмдаған (1971).

Мультипликация бірлестігінің бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарлық редакция алқасының мүшесі (1971-1981), Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы (1981-1985), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1985-1999), Т. Жүргенов атындағы «Театр және кино» институтының проректоры (1993-1994), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Мәдениет комитеті, театр өнері және кинематография бөлімінің бастығы (1999-2001) қызметін атқарған. 1993-2017 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында кинотанушылар шеберханасына жетекшілік етті. Отандық кино тарихында кинотанушылардың алғашқы түлектерін оқытып шығарған (1993-1997; 1998-2002; 2002-2006). Қазақстан Республикасы Білім саласының үздік қызметкері атанды (1998). Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының академиялық профессоры (2000). Өнертану профессоры (2005).

Төмендегі кітаптардың авторы: «Қазақ киносының жылнамасы», «Ертегіге жан бітсе: Қазақстанның мультипликациялық киносы» (Алматы, «Өнер», 1984, монография КСРО кинематографистері одағының сыйлығымен марапатталған), «Қазақстан киносы», «Қазақ киносының тарихы», «Экранда «Қазақфильм», «Қазақ киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүр», сондай-ақ, 250-ден астам мақала, рецензия мен эссенің авторы.

45 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫ дүниеге келген.

Жамбыл облысында туған. Таяу Шығыс техникалық университетін (Middle East Technical University) халықаралық қатынастар мамандығымен бітірген (1999).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі (2000-2003); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы (2003-2008); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Xалықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2008); Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропа бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің кеңесшісі (2008-2011); Түркі Кеңесі Хатшылығының директоры (2011-2014); Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2014-2017).

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың сәуірінен бері.

38 жыл бұрын (1982) Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Дүйсенбайұлы ТӨСЕКБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік медициналық университетін (2005); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ганновер жоғары медициналық мектебін «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығымен (2008) бітірген; АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдама бағдарламасы бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығымен білім алған.

Еңбек жолы: Vivantes клиникасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жобалау менеджері, Берлин (2007); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы (2008-2009); ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің кеңесшісі, «Астана медициналық университеті» АҚ бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (2009-2010); «Қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы (2010-2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті (2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Almaty Resort» клиникалық шипажайы» АҚ президенті (2014); «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері, Алматы қаласы (2015-2017); Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2017-2018 жылғы қазан); Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2019 жылдан Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы (10.2018-09.2019).

Қазіргі лауазымын 2020 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT