6 стационарлық нысанда сырт киімді дезинфекциялауға болады - елорда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалалық емханалардағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланың 6 ірі емханасында келушілердің дене қызуын өлшейтін тепловизор аппараттары қойылды. Дене қызуы байқалған жағдайда аппарат дабыл қағады және пациент дәрігермен кеңесу үшін фильтр кабинетіне барады. 6 стационарлық нысанда дезинфекциялық камералар бар. Онда дымқыл бу арқылы сырт киімді дезинфекциялауға болады», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасындағы брифингте.


Соңғы жаңалықтар