6 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 6 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

9.00-де Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында «Astana Open» әуесқойлар турнирінің ресми ашылуы өтеді.

11.00-де Ұлттық музейде «АҚШ жеке коллекцияларынан ХІХ және ХХ ғасыр суретшілері» атты сирек ұсынылатын көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

14.00-де елордалық циркте «Азия жаңғырығы» ІХ халықаралық цирк өнері фестиваліне және цирк өнерінің 250 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир басталады.

18.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында XIV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің жабылуы өтеді.

20.00-де «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда қазақстандық және шетелдік өнерпаздардың қатысуымен Астананың 20 жылдығына орайластырылған мерекелік шараларды қорытындылайтын Гала-концерт өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы ауданындағы Жібек Жолы көшесінде,  Бостандық ауданындағы MEGA Center-де, Жетісу ауданындағы «Гүлдер» паркінде және Наурызбай аудандық әкімдігі ғимаратының алдында Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік концерттер өтеді.

11.00-де «Байқоңыр» метро стансасында «Елімнің бас қаласы» фотокөрмесі ашылады.

17.00-де Панфилов көшесінде асфальт үстіне сурет салудан байқау, Art Party және өзге шаралар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар