6 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 шілде күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Жастар сарайы маңында «Астана самалы» Х халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді.

11.00-де «Жетісу» саябағында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтеді.

14.00-де Астаналық цирк ғимаратында XII «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Jekpe-Jek» сарайында Елорда күніне арналған жауынгерлік өнер гала-фестивалі өтеді.

17.00-де EXPO жазғы сахнасында Ұлыбританияның Лондон қаласынан бастау алған «Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» халықаралық веложарысын қарсы алу салтанаты өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де Агропарктің Оңтүстік алқабында «Агропарктегі жаз» Егістік күні өтеді.

КӨКШЕТАУ

10.30-де Абылайхан алаңында Көкшетау қаласының ішкі бағытына арналған 30 жаңа автобус жеткізіледі.

11.00-де Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыка-драмалық театры аумағында Манарбек Бұрмағановтың «Домбыра» мүсіні ашылады.

Соңғы жаңалықтар