6 шілде күні елордада самбодан әлем кубогы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік дәрежедегі спорттық сайыс 6 шілде күні басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астанада өткен жиында сөз сөйлеген Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, сайыс ерлер арасында және әйелдер арасында өтеді. Әлем кубогін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған. ҚР Президенті сыйлығына арналған Әлем кубогының кезеңдері спорттық және жауынгерлік самбо бойынша өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлағандай, самбодан әлемдік кубок 6-8 шілде аралығында «Дәулет» спорт кешенінде өткізілмек.

Әлемдік дәрежедегі сайысқа 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар