6 шілде күні Астанада 79 сәби дүниеге келді

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласында 6 шілде, Елорданың 15 жылдық мерейтойында 79 сәби дүниеге келді. Дүние есігін ашқан олардың 42 -сі қыз, 37-сі ер бала. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Енді мереке күнінде дүниеге келгендердің куәлігінде туған жері «Астана қаласы» деп жазылатын болады. Дегенмен, дүниеге келгендердің барлығы да астаналық отбасылардан емес болып отыр. Мәселен, 34 жастағы Ақжамал Нұрғалиева Қостанай облысының тұрғыны, ол Астана тойының мерекесіне келген. Дәл сол думанды мерекелеу алаңдарының бірінде оның толғағы қысып, сол мерекелік іс-шаралар ортасында босанған. Оқыс оқиға орнына жеткен дәрігерлер ананың да сәбидің де денсаулықтары жақсы екенін анықтап, оларды қаладағы №1 перинатальды орталыққа жеткізген», - делінген баспасөз баянында.

Жалпы, әкімдік деректеріне қарағанда, мереке күндері Астана перзентханаларында 269 сәби дүниеге келген. Атап айтқанда, 5 шілде - 58, 6 шілде - 79, 7 шілде - 81, 8 шілде - 51 бала өмірге келген.

Соңғы жаңалықтар