+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді - Дәурен Абаев

2020 жылғы 23 наурыз 16:36
Бөлісіңіз:
6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
30 наурыздан бастап Ақтауда бірқатар шектеу шаралары енгізіледі Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы БАӘ-ден тағы 116 қазақстандық елге оралды

«2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзіретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз», - деді Дәурен Абаев.

Оның атап өтуінше, осыған орай қосымша шара ретінде «Еларна» мен «Балапан» теле арналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі.

«Бірақ, бұл негізгі емес, қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, ал «Еларнада» орыс тілінде көрсетіледі», - деді министр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT