6 сәуірде елімізде болатын маңызды іс-шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 сәуірде болатын маңызды шараларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Назарбаев Университетінде  I Орталық Азия ғылыми зерттеу форумы өтеді, оның мақсаты - ғылым мен бизнес арасындағы сындарлы диалог орнатуға бірегей алаңын құру.

Сағат 10.00-де Сенатта «Бірінші класты денсаулық сақтау - дені сау ұлт» атты парламент тыңдауы өтеді.

10.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақүйінде «АӨК цифрландыру күні» инновациялық жобаларының таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.00-де 4-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Мәжіліс депутаты - «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Тұрғын Сыздықов Астана қаласында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездеседі.

11.00-де Сарыарқа ауданы әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен зейнеткерлермен кездесу өтеді. 

12.00-де «Үкімет үйінде» Қазақстанның І-тоқсандағы сауда-экономикалық келісімдер мен инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарының есебі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мемлекеттік қызметшілердің этикасын арттырудың жаңа форматы таныстырылады.

15.00-де Сенатта «ҚР Әкімшілік юстиция туралы заңнамасының даму болашағы» тақырыбында жиналыс өтеді.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні: «Жалпыға ортақ денсаулық сақтау қызметіне» арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Стандарттау туралы» Заңда және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» саласындағы инновациялар, метрология және стандарттау саласындағы процестерді автоматтандыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

11.00-де Алматы қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Тоғызқұмалақ» ойынынан турнир өткізеді.

Сағат 15:00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының 2017 жылы атқарған жұмыс нәтижелері және 2018 жылға арналған жоспарлары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

АҚМОЛА

Сағат 12:00-де республикалық арнайы мониторингтік топ және жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша облыстық комиссияның бірлескен отырысы өтеді. Шараға Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин жəне мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп жоспарланған.

ОҚО

10:45-те облыстық опера жəне балет театрында «Елді мекендерді ауыз  су және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету. Өзекті тиімді шешімдер және технологиялар» атты  ғылыми-техникалық конференция өтеді. Конференция барысында су шаруашылығындағы озат қызметкерлер марапатталып, іс-шараның соңында көрермен назарына фильм ұсынылатын болады.

ҚОСТАНАЙ

Сағат 11:00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымының «Бес әлеуметтік бастама. Әлеуметтік инновациялар. Келешектің келбеті» атты форумы өтеді.

Форумда ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы меморандумға қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар