6 рет сәтсіздіктен кейін шетелдік отбасы Қазақстанда ЭКҰ арқылы балалы болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы репродуктологиялық емханасында шетелдік жұп ЭКҰ арқылы сәбилі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық дәрігерлердің көмегімен ЭКҰ дүниеге келген балалар әлемнің 50 елінде өмір сүріп жатыр. Өйткені, медициналық туризмнің дамуына елдегі арзан қызметтер серпін болып отыр.

Қазақстан Репродуктивті медицина қауымдастығының төрағасы Вячеслав Локшин Қазақстанда болған ерекше оқиға туралы айтып берді.

Оның айтуынша, былтыр шетелдік отбасы қазақстандық репродуктологтардың көмегімен перзент сүйген.

Аустралиялық өзінің Оңтүстіккореялық жарымен туған жерінде бірнеше рет ЭКҰ арқылы сәбилі болуға тырысқан. Алайда бұл ем-шара сәтсіз болды.

«Біздің дәрігерлер ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Сондықтан әлемдегі барлық репродуктология саласындағы жаңалықтар біздің елде белсенді қолданылып отыр. Оның ішінде эмбрионды 46 хромосомаға тексеру де мүмкін болып отыр. Қазақстан медициналық туризм орталығына айналды. Адамдар бізге тек медициналық қызметтің арзандығы үшін ғана емес, дәрігерлердің біліктілігі үшін де келеді», - деді Вячеслав Локшин.

Мәселен мына жұп 5 жыл бұрын отасқан. Алғашқы 3 жылда дәрігерлерге қаралмаған.

Одан кейін Оңтүстік Корея мамандарына қарала бастаған. Қазақстандық репродуктологтың айтуынша, олардың сәби сүю мүмкіндігі өте төмен болған.

Екеуі де 40-тан асқан аналық аталық жұмыртқалардың саны шектеулі, ұрықтың сапасы да жоғары болмаған.

Оңтүстік Кореядағы репродуктологтар тек 3 аналық жасуша алған. Ал Қазақстан мамандары 5 аналық жасуша алды. Осыдан-ақ, бұл жұп қазақстандық медицинаға қаралуға түпкілікті бекінген.

«Алайда бірінші бағдарлама сәтсіз аяқталды. Әйелдің жасы 41-ге кетіп бара жатқан соң, біз донордың аналық жасушасын алуды ұсындық. Бірақ, отбасы бұған келіспеді. Кейін олар сақтандыру полисі арқылы Аустралияға барып жасап көрді. Алайда ол жақта дәрігерлер 1 ақ аналық жұмыртқа ала алды. Ол да сәтсіз болды. 4 айдан соң пациенттер қайта оралды. Қайтадан бағдарламаны бастаған соң аналық ұрықты құрсаққа қондыруға кірістік. Көптен күткен жүктілік пайда болды. Алайда әйел бастан аяқ босанғанша акушердің бақылауында болды. 8,5 айдан соң отбасында дені сау қыз бала дүниеге келді. Бақытты отбасы шетелге кетті. Бізбен байланысты үзген жоқ, баласының жағдайы туралы үнемі хабарлап тұрады», - деді В.Локшин.


Соңғы жаңалықтар