Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

2022 жылғы 23 қаңтар 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.

Түнде 24 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 25-26 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар