Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.79 eur/kzt 490.51

    rub/kzt 6.02 cny/kzt 66.91
Ауа райы:
Астана-1-3℃
  Jańalyqtar  >

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2023 жылғы 2 ақпан, 20:38

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазгидромет 3 ақпанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ сақталады, тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының батысында тұман болады.


Автор:

Жарылқасын Саягүл

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары