USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

6 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 3 желтоқсан 18:13
Бөлісіңіз:
6 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі 6 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады «Қазгидромет» қаңтардың 21-і күнгі күн райы болжамын жариялады Бүгін Қазақстанның 8 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

4 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында тұмантүсуі ықтимал.

Жезқазғанда ретең түнде тұман түседі.

4 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT