6 млн отбасына қатысты ақпарат 80 параметрмен күн сайын жаңартылады - Мусин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн сайын елдегі 6 миллион отбасының 80 параметр негізінде жаңартылып отырады. Бұл туралы Үкімет отырысында технологиялық серпіліс ұлттық жобасын талқылау кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасының цифрлық картасы» қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе еліміздегі отбасылар бойынша эталондық деректер базасын құрып жатырмыз. Күн сайын елдегі 6 миллион отбасының әл-ауқаты 80 параметр негізінде жаңартылып отырады. Скоринг моделі негізінде әр отбасының қандай тәуекелдерге ұшырайтынын көре аламыз. Бұл өз кезегінде мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмекті проактивті форматта көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Б. Мусин.

Оның атуынша, осы картаны «Әлеуметтік әмиян» жобасымен интеграциялау негізінде министрлік мемлекеттік қолдаудың ваучерлік жүйесін іске асыратын болады.

«Ваучерлік жүйені дәрі-дәрмектердің мысалында көрсететін болсақ, бұл процесс едәуір оңтайланатын болады. Атап айтқанда, тегін дәріні алушы емханадан алған рецептіні ұялы телефонға жүктеп, сол арқылы дәріханаға көрсету арқылы шоттан шығарады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру 94 пайызға жетті.




Фото:primeminister.kz







Соңғы жаңалықтар