6 млн отбасы «Цифрлық карта» арқылы әлеуметтік көмекпен қамтылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде саланы дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша аталған жоспар 5 стратегиялық бағыттан тұрады.

«Бірінші стратегиялық бағыт – цифрландыруды тереңдету. Ол әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өтініш нысанынан оларды ұсынудың анықтау және проактивті форматына көшуді қамтамасыз етуге тиіс. 2023 жылы бағытты іске асырудың түпкілікті нәтижесі проактивті қызметтердің үлесін олардың жалпы санының 60%-на дейін жеткізу болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Ол үшін қазақстандық отбасылардың мемлекеттік кепілдіктер туралы дерекқоры жасақталып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді жинақталмақ.

«БҰҰ Даму бағдарламасы ұсынған Алькире-Фостер моделін пайдалана отырып, отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау 6 миллионнан астам отбасының мәртебесін және олардың мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрлеріне қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді. Тиісінше, мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдер кімге, қашан, қандай көмек көрсету керектігін нақты анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндігі бар», – деді Тамара Дүйсенова.


Соңғы жаңалықтар