6 млн-нан астам қазақстандық вакцина алып, елде эпиджағдай жақсарды - Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бүгінгі эпиджағдай туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», - деді А. Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр елімізде салтанатты іс-шара өткізуге рұқсат беруге қатысты өз пікірін білдірді.

«Эпидахуал және дағдарыс кезінде бизнесті қолдау, олардың қауіпсіздігін қамту маңызды. Той-думан өткізуге рұқсат берілгенімен, оның нақты талабы барын ұмытпаған жөн. Ол талаптардың сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қадағалайтын болады. Осы орайда бизнес өкілдерін карантин талаптарын жұмсартуымызға түсіністік танытып, жұмыс барысында ортақ ережені қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар