+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

6 маусым. Туған күн иелері

2020 жылғы 6 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
6 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 6 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
15 шілде. Туған күн иелері 15 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі Түркістан облысында СК-Фармацияның өңірлік қоймасына тексеру жұмыстары жүргізілді

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1958) VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Құралай Әнуарқызы ҚАРАКЕН дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медицина институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласының СЭС дәрігер-эпидемиологы, Ақтөбе қаласының СЭС тамақтану гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер болып жұмыс істеді. 1987-1996 жылдары Ақтөбе қаласының СЭС тамақтану гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі, 1996-1997 жылдары - Ақтөбе облысы СЭС тамақтану гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі, 1997-1998 жылдары - Ақтөбе қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары. 1998-2001 жылдары - Ақтөбе қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы. 2001-2002 жылдары - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2002-2012 жылдары - Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2012-2016 жылдары V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

2016 жылдан - қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгілерімен марапатталған.

48 жыл бұрын (1972) Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы МҰХАМБЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының тумасы. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылғы 22 шілдеден 2015 жылға дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

2015 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.

43 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі Данияр Валерьевич ВАГАПОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің Заңнаманы құқықтық сараптау, кодтау және жүйелеу басқармасының жетекші маманы. 1999 жылдан 2000 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Заңнаманы талдау бөлімінің бас маманы. 2000 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама, заңнаманы жүйелеу және құқықтық жалпыға міндетті оқу басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2002 жылдан 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі. 2003 жылдан 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры. 2006 жылдан 2007 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 2007 жылдан 2008 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары. 2008 жылдан - 2013 жылғы қыркүйекке дейін - «Нұр Отан» ХДП Заң басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары. 2013 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы. 2014 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.

2018 жылғы мамырда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT