6 қазанда тағы екі партияның съездері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 қазанда «Ақ жол» мен «Қазақстан Халық» партияларының съездері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесінің Президиумы биылғы жылдың 6 қазанында партияның құрылтайын шақыру туралы шешім қабылдады. Аталған филиалдар бір апта ішінде облыстық/қалалық конференцияларөткізіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының президенттік сайлауға қатысуы туралы шешім қабылданатын алдағы құрылтайға делегаттарын сайлауы керек», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар дәл осы күні Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтеді.

«Қазақстан Халық партиясының бюросы 2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында партияның XXI Кезектен тыс Съезін өткізу туралы шешім қабылдады», - деді Халық партиясының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды.
Соңғы жаңалықтар