6 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10:00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері, партияның Саяси Кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және т.б. қатысады.


10:00-де Comfort Hotel Astana қонақ үйінде Қазақстан Халық партиясының XXI Кезектен тыс Съезі өтеді.


11:00-де «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың баспасөз брифингі өтеді.


11:00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.


11:00-де Rixos President Astana қонақ үйінде «Ақ жол» партиясының съезі өтеді.

14:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.


16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.


Соңғы жаңалықтар