+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

6 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 5 қараша 19:23
Бөлісіңіз:
6 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 6 қарашада Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу Елімізде 5 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу Қазақстанда 4 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде - «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру барысы, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері, сондай-ақ 2020 жылға арналған ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де «Қазмедиа орталығында» «Профилактикалық және оңалту жұмысын жетілдіру мәселелеріндегі дінтанушылар мен теологтардың рөлі туралы» атты Қазақстан дінтанушыларының IX форумы өтеді.

Сағат 11.00-де «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да «ҚазАгро» ҰБХ «АҚ Басқарма төрағасы Ербол Карашукеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында Мәскеу-Кишинев-Нұр-Сұлтан бейнекөпірі форматында «VR, әлемдегі онлайн-блокчейн және онлайн-білім: отбасы мен мектепке арналған жаңа ресейлік жобалар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 19.00-де «Керуен» СО-дағы KINOPARK-те «Тәлімгерлер» фильмінің премьерасы болады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Атакент» көрме кешенінде AgroWorld Kazakhstan және FoodExpo Qazaqstan 2019 көрмелерінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 11.00-де Best Western Atakent Park қонақ үйінде AgroWorld Kazakhstan 2019 көрмесі аясында өтетін Орталық Азиядағы AgTech Summit 2019 AgTech Summit 2019 шарасы өтеді.

Сағат 11.00-де «Ғылым Ордасы» РМК сирек кездесетін кітаптар мұражайында 1956 жылы жарық көрген ағылшын журналисі және жазушысы Годфри Лайастің «Kazak Exodus» кітабы туралы дөңгелек үстел өтеді. Кітап баспагер, саясаттанушы және қоғам қайраткері Бақытжан Бұқарбайдың ұйытқы болуымен «Аспантау асқан үркін көш» және «Қазақтардың ұлы көші» деген атпен қазақ және орыс тілдеріне аударылған.

Сағат 18.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің БАҚ өкілдерімен кездесуі және концерттік дәрісі өткізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT