+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

6 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 6 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
6 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 6 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны сақтау күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2001 жылғы 5 қарашадағы 56/4 қарары бойынша атап өтіледі. Бұл шешімді қабылдауда БҰҰ қарулы қақтығыстардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері ұзақ уақытқа дейін экожүйе мен табиғи ресурстарға зиянын тигізетінін негізге алды.

Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы

Апталық 1988 жылдан бері кеңінен мерекеленеді. Оны 11 қараша тура келген аптада атап өтеді. 11 қараша – 10 қарашада тойланатын Ғылым - бейбітшілік және даму үшін дүниежүзілік күнінен кейінгі күн.

Апталықты жыл сайын атап өту бейбітшілік орнатуға сүбелі үлесін қосады. Ол баршаға бірдей маңызы бар тақырыптар бойынша ғылым алмасуға ықпал жасап, жұртшылықтың ғылым және бейбітшіліктің өзара байланысына назарын аудартады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Алматыдағы Райымбек батыр көшесінің бойындағы зиратта атақты әнші Әміре Қашаубаевқа қойылған ескерткіш-құлпытастың ашылу салтанаты болды.

2004 жылы Астана қаласының әкімдігі мен Сеул қаласының мэрі Қазақстан мен Корея республикаларының астаналары арасында бауырластық қатынас орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл - сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық, сонымен қатар қалалық инфрақұрылым мәселелеріндегі өзара іс-қимыл жөніндегі келісім.

2007 жылы Каир қаласында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасында Каир қаласында Бейбарыс сұлтанның мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды. Бұл құжаттың негізінде Қазақстан, XIII ғасырда салынған нысандардың бастысы және ортағасырлық сәулет өнерінің жауһар ескерткіші саналатын бұл мешітті қалпына келтіруге 4,5 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп отыр.

2009 жылы Алматыда «Өрлеу» жас балет әртістерінің театры ашылды. Театр А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдығына орай ашылған.

2014 жылы Қазақстанның Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы Халықаралық қоғаммен байланыс кеңесшілерінің ұйымына (ІССО) мүше болды. Бұл Қазақстанның әлемдік PR-қоғамдастықтың бір бөлшегі болуына жол ашып, елдегі коммуникация индустриясын дамытуға елеулі ықпал етеді.

2015 жылы Жезқазғанда «Машина жасау әскери-өнеркәсіп корпорациясы ғылыми-өндірістік бірлестігі» АҚ қызметкерлері жергілікті тарихи-өлкетану музейіне «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің тұмсық бөлігінің есігінің бір бөлігі сыйға тартылды. Онымен бірге оны растайтын сертификат, қазақстандық Айдын Айымбетов, даниялық Андреас Могенсен және ресейлік Геннадий Падалканың ғарыш сапарынан оралған сәтті 2015 жылғы 12 қыркүйекте Жезқазған түбінде түскен суреті табыс етілді.

2017 жылы жапон қоғамдастығына алғаш рет «Президент Назарбаев» деп аталатын хризантема сұрпы ұсынылды. Бұл гүл 2016 жылы Мемлекет басшысының Жапонияға жасалған ресми сапары барысында өсіріліп, таныстырылған болатын. «Президент Назарбаев» хризантемасы биіктігі 2 метрге дейін жетеді, тығыз орналасқан күлтелерімен және адамның басына тең келетіндей сары түйнегінің көлемімен ерекшеленеді.

2018 жылы Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Фильмнің жұмыс тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университетінде, Уфадағы мемлекеттік мәжіліс өткен бұрынғы «Сібір» қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізді. Деректі туынды «Оян, қазақ!», «Жарияланбаған автономия» және «Қатерлі өткел» секілді үш бөлімнен тұрады.

2018 жылы «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі ресми іске қосылды. Astana Hub миссиясы - ел экономикасын нығайту үшін стартап-мәдениетті дамыту және жоғары технологиялық жобаларды қолдау. Алдағы уақытта технопарк Қазақстан инновациясының экожүйесін дамытудың өзегі әрі локомотивіне айналып, технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде мойындалған хаб болуы қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT