6 қалада ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 16 наурыз 03:34

6 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 наурызда Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT