5G телефондар шынында да зиянды ма - The New York Times

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «5G телефондар сымсыз байланыс дәуірінің авангарды саналады. Көптеген сарапшылардың пікірінше, жаңа технология осы ғасырдың артықшылығына айналмақ. Дегенмен, Ақ үйге жақын орналасқан телеарна желісі 5Gдің көзге көрінбейтін кемшілігі бар екенін және ол адам өміріне зиянын тигізетіндігін айтты», деп жазады The New York Times.

«RT America желісі «Адамзатқа жасалған қауіпті эксперимент» атты сюжет көрсетті. Онда сарапшылар 5G адам денсаулығына қауіп төндіретінін айтады. Тіпті, мамандар сюжетте жаңа жүйе ми рагын, белсіздік пен аутизм немесе жүрек ауруы мен Альцгеймерге шалдықтыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Дегенмен, бұл пікірлердің еш ғылыми дәлелі жоқ», деп жазады басылым. Теріс мәліметті қадағалайтын New Knowledge компаниясының директоры Райан Фокстың айтуынша, бұл экономикалық соғыс амалы болуы мүмкін.

«RT арнасының 5G технологиясына қарсы шығуы америкалық индустрияның 5G жүйесін енгізуді арттырумен қатар көбейіп келеді. Наурыз айында бұл қызмет түрі 30 қаланы қамтыған болатын. Ал RT America 5G жүйесінің денсаулыққа зияны туралы алғашқы бағдарламаны 2018 жылы мамыр айында көрсеткен еді. Биыл мұндай бағдарламалар саны жетіге жетті. Дегенмен, онда айтылған тұжырымдардың ешбірінің ғылыми дәлелі жоқ», деп жазады автор. Оның айтуынша, 5G жаңалықтар индустриясы, спорт саласы, дүкендер мен көлік, денсаулық сақтау саласы, сондай-ақ қалалық басқару мен үкіметтік деңгейде жан жақты қолданыла алады және желінің денсаулыққа әсерін зерттеген жаһандық ғылыми зерттеулер көптеп жүргізілген.

«5G жүйесіне қарсы шығушылар бұл технологияның жоғары жиілігі телефонды денсаулыққа зиян қылатынын алға тартуда. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, керісінше, радиожиілік жоғары болған сайын оның адам терісіне әсері азаяды. Сәйкесінше, адамның ішкі ағзаларына кері әсері аз болады», деп жазады автор.

Темпл университеті Медицина мектебінің радиология және медициналық физика профессоры Марвин Зискиннің айтуынша, 5G оған дейінгі желілерге қарағанда қауіпсіздігімен ерекшеленеді.

Соңғы жаңалықтар