+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

5G технологиясын енгізуге Үкіметтен қаражат бөліне ме

2019 жылғы 1 қазан 12:03
Бөлісіңіз:
5G технологиясын енгізуге Үкіметтен қаражат бөліне ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5G технологиясына көшкен кезде байланыс тарифі көтерілмейді.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтаулық  жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды Лас Вегастағы көрмеде «жасанды адамдар» таныстырылды Алматыда IT-технологиялар паркі ашылады

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден 5G енгізу үшін Үкіметтен ақша бөлінбейді. Өйткені, бұл жеке операторлардың жұмысы. Екіншіден, 5G технологиясы қымбат болғандықтан ең алдымен қалаларда енгіземіз. техникалық жабдықтарын компаниялармен ақылдасамыз. Қазіргі таңда дүниежүзінде де 5G тек қана қалаларда енгізіліп жатыр. Бірақ, болашақта мүмкіндік болып жатса шағын елді мекендерге де енгізу жағын қарастырамыз»,- деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол 4G-ден 5G технологиясын көшкен кездегі байланыс тарифтеріне қатысты сауалға да жауап берді.

«Тарифтерге қатысты айтар болсам, 3G-ден -ден 4G-ге ауысқан кезде байланыс құнын өзгерткен жоқпыз. Алдағы уақытта да дәл осындай жұмыс жүргізіледі. 5G-ге көшкен кезде тарифтерді көтермейміз», - деді Асқар Жұмағалиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT