5G өте жақсы, бірақ 6G одан да жақсы - CNN

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Барселона қаласында өткен Mobile World Congress жиынына 100 мың адам жиналды. CNN басылымының жазуынша, аталған конгресте 5G тақырыбы жан-жақты талқыланған.

Автордың айтуынша, бұл тақырыптың кең талқылануына тек жоғары жылдамдық қана емес, бұл желінің күнделікті тұрмысты жеңілдету мүмкіндігі әсер еткен.

«5G адамдардың өміріне өте қатты әсер етеді. Біз 5G адамдар өмірінің сапасына әсер еткен үлкен прогрестің куәсі боламыз», - дейді Altran North America компаниясының бас директоры Лайла Уоррелл.

«Ең алдымен, 5G жүргізушісі жоқ автокөліктер легін арттырады. 5G 4G желісіне қарағанда 100 есе жылдам болатындықтан, бұл көлік құралдарына бір бірімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Яғни, жүргізушісі жоқ автономды көліктер бір бірінің әрекетін біліп отырады да, көлікті басқару сапасы артады», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, интеллектуалды ауыл шаруашылығында 5G желісі қоршаған ортаға да әсер ете алады.

«Заттар интернеті бал таситын араларды қорғауға көмектесе алады. Яғни, 5G бақылауды жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 5G - өте жақсы, бірақ 6G - одан да жақсы», дейді Финляндия университетінің жаратылыстану ғылымдарының профессоры Ари Путту.

Айта кету керек, 2030 жылы шығады деп жоспарланып отырған 6G смартфондардың жаңа бағыттарда дамуына алып келмек.

«Смартфондарымызды тастап, адамдар бір бірімен қалай қарым қатынас орнатуы мүмкін екенін бір сәт ойлап көріңіздерші. Бәлкім, ақылды көзілдірік арқылы айналамыздан түрлі құрылғылар көруге мүмкіндік пайда болатын шығар?»,- деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар