+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

532 адам коронавирусқа шалдыққан: Армения күшейтілген ТЖ режимін ұзартты

2020 жылғы 31 наурыз 20:41
Бөлісіңіз:
532 адам коронавирусқа шалдыққан: Армения күшейтілген ТЖ режимін ұзартты

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда ТЖ режимі кем дегенде 10 күнге созылды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 532 адамға жетті, 30-ы жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арменияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуына байланысты 24 наурызда енгізілген ТЖ режимі кем дегенде 10 күнге созылды.

«Қатаң шектеулерді кем дегенде 10 күнге созуға мәжбүрміз. Бізді статистика алаңдатып отыр. Алдымызда мынадай міндет бар – денсаулық сақтау жүйесі тоқтап қалмау үшін осы процесті барынша басқарылатын етпекпіз. Сондықтан, барлығыңызды үйде қалуға шақырамыз», - деп мәлім етті Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Армения денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны - 532, 30 науқас жазылып шыққан, үшеуі көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Армения, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT