53 жастағы Атырау тұрғыны өмірінде бірінші мәрте жеке куәлік алды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 53 жыл құжатсыз жүрген атыраулық тұрғын полицейлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция мәліметіне сенсек, 1970 жылы туған тұрғынның құжаты ескі үлгіде болған.

2021 жылдан бері денсаулығына байланысты Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында ем алуына байланысты құжаттармен бірқатар қиындықтар туындаған.

«Мейірім Қазақстан» үкіметтік емес ұйымының өкілдері және емхана қызметкерлерінің қолдауымен көші-қон инспекторлары жұмыс барысында жедел әрекет етіп, 53 жастағы азаматтың жеке куәлігін дайындап, табыстады.

Ер адам атқарылған жұмысқа ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар