52 жолаушысы бар «Шымкент-Түркістан» автобусы көктайғақта жолдың шетіне шығып кетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысынла көктайғақтан жолдың шетіне шығып кеткен жолаушылар тасымалдайтын автобустың жолаушылары құтқарылды. «Шымкент-Түркістан» бағытында шыққан қоғамдық көлікте 57 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 13 наурыз күні сағат 23:47-те Отырар ауданы аумағындағы Ескі Шілік елдімекенінің маңында орын алған. «Төрткөл-Шәуілдір» тас жолында көктайғақтан «Сетра» маркалы «Шымкент-Түркістан» жолаушылар тасымалдайтын автобус жолдың шетіне шығып кеткен.

«Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД 5 қызметкері 2 техникамен шығып, автобусты жолдың тазартылған бөлігіне алып шықты. 14 наурызда сағат 01:24-те жолаушылар маршрут бойынша жөнелтілді. Медициналық көмекке қажеті болмады «, - делінген хабарламада.

Өңірде көктайғақ салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдарының біраз бөлігі жабылғаны хабарланды.

«Бүгін сағат 09:00-ден республикалық А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автожолының 593- 654 шақырымы (Жамбыл облысы - Түлкібас ауданының Машат ауылы) аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты (бұрқасын жел, көктайғақ, көрінудің нашарлауы) барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды« делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар