52 шығысқазақстандық Жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменнің 19-шағын ауданында Жаңа жыл қарсаңында «Нұрлы жер» несиелеу ипотекалық бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысты. Аймақ басшысының қолынан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 52 салымшысы кілттерін алды.

«Көптен күтетін мерекеміз тағы бір қуанышты оқиғамен қатар келуі өмірде жиі болады. Мен сіздерге бақыт, денсаулық тілеймін. Үйлеріңіз қуанышқа, балалардың күлкісіне толсын», – деді Даниал Ахметов.


Үйге қол жеткізген жандардың бірі Кристина Комарова өз қуанышымен бөлісті.

«Мен мереке қарсаңында осындай қуанышқа кенелгеніме өте қуаныштымын. Енді менің екі бөлмелі пәтерім бар. Мен осыны қатты армандадым», - деді ол.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары Дәурен Мырзатаевтың айтуынша, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несиелік тұрғын үй бағытына 430 пәтерлік 4 үй салынып, іске қосылды. Келесі жылы аталған бағдарлама бойынша 742 пәтерлік 9 үй салу жоспарланып отыр. 2019 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойыша 17 млрд. теңгеге 2200 несие берді.


Соңғы жаңалықтар