Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

52 адамды негізсіз қудалау әрекеті тоқтатылды - Бас прокуратура

2019 жылғы 12 шілде 17:53 338
Бөлісіңіз:
52 адамды негізсіз қудалау әрекеті тоқтатылды - Бас прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалық етуімен қадағалау органының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылы прокурорлардың көмегімен 2 800 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 800 миллион теңге көлемінде жалақы төленді.

Электр және жылу тарифтері төмендетіліп, тұтынушылардың 30 миллиард теңге қаражатының орны толтырылды.

Мемлекетке пайдаланылмаған 11 мың жер учаскелері қайтарылды.

Ғ. Нұрдәулетов атқарылған жұмыстарды атап өтіп, облыс прокурорларына халықтың алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді шешуге өз күштерін бағыттауды тапсырды.

«Біз кез келген заң бұзушылықты қатаң түрде тоқтатуға міндеттіміз. Азаматтардың құқықтарын қорғау біздің басты басымдылығымыз», - деп талап етті.

Бас прокурор сондай-ақ, қылмыстық процесте прокуратура органдарының құқық қорғаушылық әлеуеті тиімді түрде ашылғанын атап өтті.

Ықпал ету шараларымен 52 адамды негізсіз қудалау тоқтатылды. 414 заңсыз ұсталғандар қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды.

Прокурорлардың бастамасымен соттар 655 азаматқа қатысты үкімді қайта қарады, 195 сотталған адамның жағдайы жақсартылды.

Қауіпті емес, оның ішінде экономикалық қылмыстарды қылмыс деп танымау және балама жазаларды енгізу, жазалау практикасын төмендетті.

Сотталғандардың төрттен бір бөлігіне ғана (13 622-нің 3 289-на) нақты бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды.

Бұл ретте, қылмыстық заңнаманы гуманизациялау қылмыс жағдайын нашарлатпады. Қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді.

Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша қадағалау органының жетекшісі прокурорлардың алдағы кезеңге арналған нақты міндеттері мен негізгі бағыттарын белгіледі.

Олардың қатарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтар құқықтарының кепілдігін нығайтуды, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар және Елбасы мен Президент тапсырмалары бар.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT