+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

51 жастағы қазақ бапкері ресейлік клубты жаттықтырады

2020 жылғы 26 мамыр 00:54
Бөлісіңіз:
51 жастағы қазақ бапкері ресейлік клубты жаттықтырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі футбол маманы Ильшат Айтқұлов Ресей чемпионатында ойнайтын «Орынбор» клубын жаттықтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Бавария» 20-рет футболдан Германия кубогының жеңімпазы атанды Футбол: Қазақстан құрамасы Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

51 жастағы Ильшат Нұрғалиұлы «Орынбор» клубының бас бапкері Константин Емельяновты ауыстырды. Айтқұлов бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып тағайындалды, ол осы қызметті маусым соңына дейін атқаратын болады.

«Айтқұлов командаға маусым соңына дейін жетекшілік етеді. Оның болашағы команданың нәтижелеріне байланысты болады. Біздің міндетіміз — чемпионатты табысты аяқтау», - деді «Орынбор» ФК қамқоршылық кеңесінің мүшесі Василий Столыпин.

Ильшат Айтқұлов «Орынборда» 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Transfermarkt.de порталының мәліметінше, Айтқұловтың ұлты мен азаматтығы – қазақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұл клубта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат та ойнайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT