5000 мен 10 000 теңгелік банкноттардың айналыста болу кезеңі 2016 жылға дейін ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі басқармасы 25 желтоқсандағы шешімі бойынша 2006, 2011 жылдардағы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік және 2006, 2012 жылдардағы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар қолданыста болу кезеңі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Екінші деңгейдегі банктер жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін (2006 жылғы 5000 теңгелік) қабылдайды және айырбастайды. Ал 12 ай өткеннен кейін банктер ескі үлгідегі банкноттарды одан әрі Ұлттық банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін ғана қабылдайды. Ұлттық банктің филиалдары 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдап, қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.

Соңғы жаңалықтар