500 теңге дауы: Швейцариялық суретші ресми хат жазған жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Швейцариялық фотограф Марсель Буркхард авторлық құқығын талап етіп ресми хат жазбаған. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берді.

Қаржылық ұйым егер суретші хабарласса оның хатын қабылдауға əзір екендіктерін айтты.

«ҚР Ұлттық банкі М.Буркхардтан ресми хат түспегенін хабарлайды. Егер суретші авторлық құқығын даулап жүгінетін болса, ол  заң тəртібімен қаралатын болады»,- деді банктен.

Ведомство купюрадағы суреттің барлығы дизайнерлер қолмен салғанын тағы нақтылады.

«Дизайн жасаумен ҚР Ұлттық банкі мен Банкнота фабрикасының дизайнерлер тобы айналысты. Олар Ұлттық банкінің штаттағы қызметкерлері болғандықтан оларға еңбек шартына сəйкес жалақы төленді. Дизайн үшін қосымша  қаламақы қарастырылмайды», - деді ҰБ.

Ұлттық банк дизайнерлердің аты мен «плагиат» жасаушыларды жазалау шарасы туралы ақпарат бермеді.

Ал швейцариялық фотограф М.Буркхард Фейсбуктегі  жазбасын өшіріп тастаған.

Оның алдында ол ҚазАқпарат тілшісіне ешкімге зиян келтірмейтінін, өтемақыдан бас тартпайтынын айтқан еді.

Айта кету керек, екі апта бұрын Ұлттық банк 500 теңгелік жаңа купюраның тұсауын кескен болатын. Швейцариялық суретші Марсель Буркхард ақшаның бетінен ұшып бара жатқан шағаланың суретін өзінікі деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар