500 мың ата-ананың бала күтіміне жәрдемақы алатын мерзімі ұзарады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мөлшері қалай артатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Әлеуметтік кодекстің жобасы әзірленіп жатыр. Соның аясында әлеуметтік қамсыздандыру шараларын мемлекеттің әлеуметтік саясатына халықтың көңілі толатындай етіп жетілдіру көзделген», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, бала күтіміне байланысты қолдау шаралары күшейтілуі мүмкін.

«Жеке айтсақ, бала күтіміне жәрдемақы төленетін мерзімді бір жылдан бір жарым жылға арттыру жоспарланып отыр. Бұл норма жұмыс істеп жүрген ата-аналарға да, жұмыс істемейтін ата-аналараға да қатысты. Бұл мүмкіндікті пайдалана алатын ата-аналардың саны 500 мыңға дейін жетеді», - деп жазады Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар