500 домбырашы бір мезгілде Құрманғазының күйін күмбірлетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнінде 500 домбырашы бір мезгілде Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының ұйытқы болуымен өтетін шара отаншылдыққа тәрбиелеу, қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту мақсатын көздейді. Оған танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамыс та қатысады.

«Елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған «Ұлы дала үні» ауқымды домбыра-флешмобына кез келген адам музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатыса алады. Ашық аспан аясында мерекелік өнер көрсету барысында жиналған қауым қазақтың ұлттық музыка аспабының үнінен ләззат алады», - делінген Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, флешмобқа қатысу үшін dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеліп, жеке байланыс мәліметтерді қалдыру қажет. Шара 1 мамыр күні сағат 15.00-де өтеді «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар