+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

500-ден астам солтүстікқазақстандық жас әскерге аттанады

2019 жылғы 22 қыркүйек 07:32
Бөлісіңіз:
500-ден астам солтүстікқазақстандық жас әскерге аттанады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Ел тірегі» республикалық науқаны аясында Солтүстік Қазақстан облысынан жігіттердің алғашқы тобы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық әскерилер Tetris challenge флешмобына қосылды «Шығыс – 2019» оқу-жаттығуына 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысты

Солтүстік өңірден аттанған 21 сарбаз Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында орналасқан ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімінде міндетін атқарады.

Жігіттерді ҚР Қарулы Күштерінің және Ауған соғысының ардагерлері, туған-туыстары мен достары салтанатты түрде шығарып салып, Отан алдындағы қасиетті парызды абыройлы орындап, аман-есен үйлеріне оралуларына тілектестік білдірді. Келесі кезекте болашақ сарбаздар Семей, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай Қарағанды бағыттары бойынша әскерге аттанады.

СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Талғат Әліқұловтың айтуынша, әскери бөлімдерден офицерлер келіп, 3 күн ішінде іріктеу жасайды. Әскерге жіберілетін азаматтармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

«Ел армиясының қатарын сайдың тасындай сарбаздармен жасақтау - зор жауапкершілікті жүктейтін жұмыс. Өйткені бүгінгі бозбала ертең әскер қатарына қосылғанда елдің шетінде, желдің өтінде жүріп, ел тыныштығын қорғайды. Ата-ананың алақаны, жылы ұясынан шықан жас жігіт «әскер« атты үлкен мектепте шыңдалады, шынығады», - дейді Талғат Әліқұлов.

СҚО Қорғаныс істері департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл күзгі шақырылымда республика бойынша 30 мың, ал СҚО бойынша 500-ден аса азамат әскерге аттанады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT