50 жыл жөндеу көрмеген Арқалықтағы мұражай жаңа кейіпке енеді

None
None
АРҚАЛЫҚ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Арқалық қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Арқалықтағы Дала өлкесі тарихи облыстық мұражайына барып, күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.

«Құны 155,3 млн теңге болатын жоба «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба аясында 39 жұмыс орны, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 25 жұмыс орны ашылды. Қазан айында қасбетті қаптауды аяқтау, жертөлені, кіреберісті жөндеу, кіреберіс топты абаттандыру, аумақты абаттандыру және әрлеу жоспарланған», - деп жазды Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде.

«Дала өлкесі тарихы» облыстық мұражайы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Жарлығымен 1972 жылдың 4 ақпанында құрылған. Ғимарат сол уақыттан бері жөнделмеген. Негізі бұл мұражай орналасқан ғимарат сонау 1963 жылы салынған. Кезінде аудандық партия ұйымының үйі болған деседі.


Мұражайда 76 мыңнан астам жәдігер сақталып, 11 экспозициялық зал жасақталған.

Жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған. Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевке жобаны жүзеге асыруды сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар