+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

50 жастағы қостанайлық 432 келі есірткіні гаражында сақтап келген

2020 жылғы 3 тамыз 13:55
Бөлісіңіз:
50 жастағы қостанайлық 432 келі есірткіні гаражында сақтап келген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полицейлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жас балаға азғындық әрекет жасаған күдікті қолға түсті Ақтауда ірі мөлшердегі героин есірткісін ішегіне салып өткізбек болғандар сотталды Қызылордада 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түсті

Күдіктінің гаражынан 418 келіден астам көкнәр, 14 келінің үстінде гашиш, сондай-ақ, электронды таразы мен 750 мың теңге табылған.

«Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабында көзделген заңсыз есірткі сақтады деген айып тағылды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнайы сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков.

Полицияның мәліметінше, тәркіленген есірткі затының құны 30 млн теңгені құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT