50 вагон астық жанып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Саскачеван провинциясында локомотив пен тауарлы пойыздың онға жуық вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады сейсенбі күні CBC телеарнасы.

Оқиға Саскатун қаласынан солтүстікке қарай теміржол өткеліде болған. Рельстен шығып кеткен локомотив пен бірнеше вагон жанармайдың ағуы салдарынан отқа оранған.

Canadian National Railway компаниясының хабарлауынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл пойыз құрамындағы 50 вагонға астық тиелген.

Апатқа байланысты теміржолды кесіп өтетін шоссе жабылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше өрт сөндірушілер құрамы жұмылдырылды.

Пойыз құрамының рельстен не себепті шығып кеткені айтылмай отыр.

Тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар