50 оқушыны жол апатынан құтқарған Екібастұз полицейі «Жас тұлпар» сыйлығымен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Екібастұз Ішкі істер басқармасы жол-патруль полициясы ротасының полицейі Арғын Қуанов «Азаматтық қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметі үшін» аталымының «Жас тұлпар» сыйлығымен марапатталды.

«Негізгі мақсатымыз - жастарға мүмкіндік жасау. Біздің арамызда өте танымал жастарымыз аз емес. Кей кездері олар тартыншақтап, өзін дамытуға талпынбайды. Тарихқа үңілсек, көп адамдар жасына қарамастан үлкен жетістіктерді бағындырған. Мұндай тұлғалар елімізде көптеп кездеседі»,- «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Атап айтқанда, Арғын Қуановқа сыйлық 50 мектеп оқушысын жол-көлік оқиғасынан құтқарған ерлігі үшін берілді. Ағымдағы жылдың қарашасында Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының қызметкері соққыны өзіне қабылдап, жол- көлік апатының орын алуына жол бермеген еді.

«Қызылорда -Павлодар күре жолында біз серіктесіміз екеуміз 50 оқушыны тасыған автобусты алып жүрдік. Кенеттен алдымыздан көлік шыға қалды. Еш ойланбастан біз соққыны өзімізге қабылдадық. Ең бастысы, балалардың ешқайсысы да зардап шеккен жоқ», - деп еске алады болған оқиғаны Арғын Қуанов.

Бүгін, Астанада ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған «Жас тұлпар» сыйлығының ІІ - ші салтанатты табыс ету рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар