«50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажет» деген ақпарат жалған - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлерде таратылып жатқан «50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі» туралы ақпарат жалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», делінген хабарламада.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға «байланыстырылған» ешқандай жәрдемақы, төлем жоқ деп хабарлайды.

«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар