+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

50-ге таяған атыраулық әйел баланың ісін істеп, полицияның күдігіне ілінді

2014 жылғы 9 маусым 12:47
Бөлісіңіз:
50-ге таяған атыраулық әйел баланың ісін істеп, полицияның күдігіне ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 49 жасар Атыраулық әйел теміржол вокзалына «жарылғыш зат» қойды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Атырау стансасының ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында вокзал маңында жүрген 49 жасар әйелді ұстады. Ол темір жол вокзалына «жарылғыш зат» қойылғаны туралы жалған ақпар берді деп күдіктелуде. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйел ол кезде мас болған.

Жарылғыш зат туралы ақпарат ішкі істер желілік бөліміне 7 маусымда кешкі сағат 20.33-те түскен.

Облыстық ІІД жедел басқару орталығынан кешкі 20:25-те белгісіз әйел «Атырау» теміржол вокзалының ғимаратында бомба қойылғандығы туралы айтқан.

Алайда, жедел-іздестіру шаралары барысында жарылғыш зат табылмады.

Қазір тексеру жүргізілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT