50-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар әйел алты жылға сотталды - Түркістан облысы

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 50-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті әйелді ұстауға жергілікті тұрғынның арызы негіз болған. Оның айтуынша, жақын таныс емес әйел ұлын мүгедектікке шығарып беру үшін 100 мың теңге ақшасын алған. Алайда айтқан уәдесінде тұрмай, ізін суытқан. Сезіктіні қолға түсіру үшін тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, алаяқтың жеке тұлғасын анықтаған. Ол жыл басынан бері бірнеше рет алаяқтық жасап, қолхатта жүрген Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары бұл әйелді Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жасырынып жүрген жерінен ұстады. Тергеу барысында 33 жастағы күдіктінің соңғы бір айдың ішінде «қолхатта» жүргеніне қарамастан, тағы 7 адамды алдап кеткені анықталды. Ол тұрғындарға өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырып, қысқа мерзім ішінде мүгедектікке шығарып беремін деп алдап соққан. Сөйтіп, 51 алаяқтық қылмысын жасаған. Ол сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар