USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

50 000 теңге пара берген есепшіге жарты миллион айыппұл салынды

2018 жылғы 1 қараша 11:20
Бөлісіңіз:
50 000 теңге пара берген есепшіге жарты миллион айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда есепші мемлекеттік қызметшіге берген 50 000 теңге парасын мемлекетке 10 есе етіп қайтаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы кәсіпорындардың бірінің есепшісі мәселесін өз пайдасына шешкізу мақсатында Бостандық аудандық басқармасының қызметшісіне 50 000 теңге пара ұсынған.

Көп ұзамай есепші мемлекеттік қызметшіге пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Алматы экономикалық істер бойынша ауданаралық соты есепшіні ҚР ҚК 367-бабы бойынша айыпты деп тауып, берген парасын 10 есе, яғни 50 мың теңгені 500 мың теңге етіп қайтаруға үкім шығарды.

Қалалық МКД азаматтар арасында мемлекеттік қызметшіге пара беру жағдайын көрген болса, департаменттің ішкі қауіпсіздік бөліміне хабарласуын өтінеді. Бұл үшін арнайы 8-727-2995073, 87074135922 қызыл желі телефондары жұмыс жасайды.

«Ішкі қауіпсіздік басқармасы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің тарапынан болатын құқықбұзушылықтармен қатар, салық төлеушілер тарапынан болатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге кешенді жұмыстар жүргізіп тұрады», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT